Оралда заманауи үстел теннисі орталығы салынады

 

Орал қаласында спорт сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық – алдағы жылдары жаңа үстел теннисі орталығы бой көтермек. Жобаның таныстырылымына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы хатшысы Данияр Ахметов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев және депутаттар қатысты. Сондай-ақ «Freedom Shapagat» қорының басшысы Бағлана Мусина спорт нысанының құрылыс жоспарын таныстырды.

Кездесу барысында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, «Freedom Shapagat» қоры, облыстық спорт басқармасы және «ИнтерСтрой НС» компаниясы Оралда жаңа спорт орталығын тұрғызуға кіріспек.

Жоба өңірдегі инфрақұрылымды дамытып, бұқаралық спортты жандандыруға және жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 6 мыңға жуық адам үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады. Бұл спорт түрі өңірде қарқынды дамып, еліміздің жетекші бағыттарының біріне айналып отыр. Облыс мақтаныштары – ұлттық құраманың мүшелері Айдос пен Дастан Кенжигуловтар және Санжар Жұбанов. Оларды тәжірибелі бапкер Сарвар Назарова жаттықтырады.

Бұл бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турловқа және ҚР үстел теннисі федерациясының басшылығына алғыс білдірілді.

Жаңа орталықтың құрылысы 2026 жылы басталмақ. Бұл жоба Оралдағы спорттық инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, қазақстандық үстел теннисінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жол ашады.

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…