Categories Жайық news

Әскери кафедраға құжат тапсыру оңайлады: Қазақстанда жаңа қызмет іске қосылды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына түсу үшін құжаттар электронды түрде қабылдана бастайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болады. Өтінімді бакалавриаттың күндізгі бөлімінде оқитын студенттер тапсыра алады. Құжат қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Әскери кафедрада оқу студенттерге негізгі білімінен қол үзбей, запастағы лейтенант немесе кіші сержант әскери атағын алуға мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін eGov.kz порталында келесі қадамдарды орындау қажет:

  • Порталға кіріп, авторлану;
  • «Басты бет» – «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» бөліміне өту;
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әскери кафедраларға түсу үшін өтініштер қабылдау» қызметін таңдау;
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу;
  • Деректерді толтырып, әскери кафедра мен оқу бағдарламасын таңдау;
  • Деректерді пайдалануға келісім беру;
  • Сұранысқа қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен қол қою.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жаңа сервис азаматтың соттылығы, мүгедектігі туралы мәліметтерді және психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерден алынған ақпаратты автоматты түрде тексереді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…