25 мамырда 16 облыста ауа райы қауіпті: найзағай, шаңды дауыл және үсік күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның 16 облысында 25 мамырға ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай, шаңды дауыл, қатты жел және үсік болатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн күркіреп, жел күшейеді. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі уақытта ауа температурасы күрт төмендеп, үсік жүреді.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарға сақ болуды, дала жұмыстарын шектеуді және малды қораға қамауды ұсынамыз», – деді Қазгидромет мамандары.

Батыс Қазақстан облысында да найзағай мен қатты жел күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жайық өңіріндегі тұрғындарға ерекше сақтық шараларын сақтау қажет.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…