Categories Әлем

Путинді Астана әуежайында домбырамен қарсы алды: кімдер күтіп тұрды?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ресей Президенті Владимир Путиннің Астана5а келген сәтінде әуежайда ерекше көрініс болды. Қонақты домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Радмир Хайбуллин күтіп алды.

Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Олар қазақтың күмбірлеген күйлерімен мейманды қарсы алды. Сырнайшы Радмир Хайбуллин де өз өнерін тарту етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясындағы алғашқы тоқтаған жері. Астана әуежайындағы қарсы алу рәсіміне жергілікті әкімдік өкілдері де қатысты.

«Біз үшін үлкен мәртебе. Домбыра – қазақтың жаны. Осы өнерімізбен қонақты қуантқымыз келді», – дейді ансамбль жетекшісі.

Владимир Путиннің сапары барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…