Categories Жайық news

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын барынша толық іске асыру және заңды мүдделерін қорғау, көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне талдау жүргізеді.

Талдау нәтижесінде бірқатар бағыттар бойынша ұсыныстар әзірленді, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін құқықтық реттеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру.

Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстары негізінде қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтама беру қызметі көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде дайындалған анықтаманы бере отырып, толық автоматтандырылды. Бұған дейін анықтаманы мамандар өңдеген.

Онымен қоса, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметіне қатысты бағдарламаға жоқ жоғары оқу орындары қосылды.

Сондай-ақ, «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде негізгі жер учаскесіне қосымша учаске беру жөніндегі қызметтің кіші түрі қосылды.

Уақыт пен сапа стандарттарының сақталуын бақылау да Департаменттің назарында. Қызметтерді ұсыну процесінде кемшіліктерді жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі бақылау жүйесі ұйымдастырылған.

Цифрландыру және заманауи технологияларды белсенді енгізу мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Мұндай стратегия азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тұрақты қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің БҚО бойынша департаменті

 

 

 

Ұқсас жазбалар

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.

Астанада құтқарушыларға пәтер кілттері табыс етілді: ТЖМ басшысы сыйлады

ТЖМ басшысы Астанада құтқарушыларға пәтер кілттерін табыс етті. Бұл – тұрғын үй бағдарламасы аясындағы кезекті…

ІІМ ата-аналарға ескерту жасады: балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасады. Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.