Categories Қаржы

Қазақстанда ет бағасы қайта өсті: неге қымбаттады?

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанда ет бағасының көтерілуі тоқтамай тұр. Соңғы айда сиыр еті мен қой етінің құны айтарлықтай өсті, бұл халықтың әмиянына ауыр тиді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Статистикаға сүйенсек, еттің кейбір түрлері 5-10 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, бұған мал азығының бағасының өсуі мен экспорттық сұраныстың артуы себеп болып отыр.

«Нарықтағы жағдай күрделі. Ет өндірушілер шығынды жабу үшін бағаны көтеруге мәжбүр. Бұл үрдіс алдағы айларда да сақталуы мүмкін», — дейді экономист Айдар Сәрсенбаев.

Қазақстан үкіметі бағаны тұрақтандыру үшін азық-түлік корпорациясы арқылы араласу жоспарын әзірлеп жатыр. Алайда мамандар бұл шаралардың қысқа мерзімді ғана нәтиже беретінін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.