Астанада төрт автобус аялдамасы уақытша жабылды: себебі неде?

Астанада «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бұл шара жол жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған. Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша ыңғайсыздықтар туғызғаны үшін кешірім сұрайды.

«Жөндеу жұмыстары аяқталған соң аялдамалар қайта іске қосылады. Нақты мерзімін кейінірек хабарлаймыз», — деді компания өкілі.

Қазіргі уақытта аталған аялдамалардың орнына уақытша аялдамалар орнатылған. Жолаушыларға бағыттарды алдын ала тексеріп алуға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Оқу-ағарту…