Categories Әлем

АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза тағайындауы мүмкін

АҚШ Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроға сырттай айып тақты. 94 жастағы Кастро мен тағы бес адам америкалық азаматтарды өлтіру, кісі өлтіруге сөз байласу және бейбіт ұшақтарды жою бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айыптау қорытындысы бойынша, Кастро мен оның серіктестері 1990 жылдардағы бірнеше шабуылға қатысқан. Олардың іс-әрекеті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген деп есептеледі.

Сот отырысы сырттай өткендіктен, Кастро АҚШ-қа келмесе, іс қашып жүрген адамдарға арналған арнайы тәртіппен қаралуы мүмкін. Егер кінәлі деп танылса, оған ең ауыр жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалуы ықтимал.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…