Зейнетақы жинағын ипотекалық қарызды өтеуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылды

Зейнетақы жинағын ипотекалық қарызды өтеуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз тілшісі.

Қазақстандықтар енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шекті мөлшерден асқан қаражатын жаңа мақсатта пайдалана алады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынған бастамаға сәйкес, зейнетақы жинақтарын ипотеканың негізгі қарызын жабуға бағыттауға рұқсат берілмек.

Маңыздысы — бұрынғыдай банк пайызын төлеу талабы болмайды. Бұл азаматтарға несие жүктемесін азайтып, баспанасын тезірек өтеуге мүмкіндік береді.

Министрлік әзірлеген құжатта бұдан өзге де жаңашылдықтар бар, олар қазір талқылау кезеңінде.

Сурет: Егемен.кз

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…