Categories Қаржы

Экономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге көтерілмейді? Министр түсіндірді

Қазақстанда ЖІӨ өсіп жатыр, бірақ халықтың нақты табысы артпай отыр. Бұл қайшылықтың себебін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин түсіндірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, экономикалық өсімнің басым бөлігі шикізат секторына тиесілі. Мұнай мен газ өндірісінің арқасында ЖІӨ көтерілгенімен, бұл салада жұмыс істейтіндер саны аз. Сондықтан мұнайдан түскен пайда халықтың көпшілігіне жетпейді.

«Экономиканың өсуі мен халықтың табысының арасындағы алшақтық – біздің басты проблемамыз. Біз шикізаттық емес секторларды дамытуға күш салуымыз керек», – деді Серік Жұманғарин.

Министр сонымен қатар инфляцияның жоғары деңгейі де халықтың нақты табысына кері әсер етіп отырғанын атап өтті. Жалақы номиналды түрде өссе де, бағаның өсуі оны жоққа шығарады. Енді үкімет шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жағдайды түзетпек.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.