Categories Спорт

Египет Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай алды

Сурет: championat.com

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының G тобындағы екінші тур матчында Египет құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Канаданың Ванкувер қаласындағы «BC Place» стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында Жаңа Зеландия есеп ашты. 31-минутта Финн Сурман мергендік танытып көзге түсті.

Матчтың екінші жартысында мысырлықтар ойын тізгінін өз қолына алды. 59-минутта Мостафа Зико таразы басын теңестірсе, 67-минутта Мұхамед Салах Мысырды алға шығарды. Ал 82-минутта Трезеге Салахтың нәтижелі пасынан кейін матчтың нүктесін қойды.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Франция Парагвайды ұтып, ширек финалға шықты

Франция құрамасы ӘЧ-2026 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Марокко Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды

Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Уимблдон: Анна Данилина камбэк жасап, үшінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен бірге Уимблдонда үшінші айналымға шықты.