Categories Жайық news

Бүкіл әулет болып дауыс берді: БҚО-дағы отбасы көпке үлгі болды

Батыс Қазақстан облысы Щапов ауылдық округіндегі №171 референдум учаскесіне Сарымсақовтар әулетінің 11 мүшесі бірге келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан отбасы мүшелері осылайша маңызды саяси науқанға бірлесе қатысып, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Отбасы мүшелері азаматтық борыштарын орындап, бірлік пен татулықтың маңызын ұғындырды. «Тату үйдің тамағы тәтті» демекші, Сарымсақовтар отбасының бұл қадамы ауылдастары үшін үлкен өнеге болды.

Олардың ұйымшылдығы, әсіресе, ауыл жастарына үлгі болып, ел болашағына бейжай қарамаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай белсенді отбасылар қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықтың негізі екені сөзсіз.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…