Categories Әлем

Италияда Этна жанартауы қайта оянып, Сицилиядағы әуежай жұмысы шектелді

Сурет: istockphoto.com

Италия билігі Сицилия аралындағы Катания әуежайының жұмысына уақытша шектеу енгізді. Бұған Этна жанартауының кезекті рет оянуы себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Италиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әуежай әзірге келетін рейстерді қабылдауды тоқтатты. Ал ұшақтардың ұшып шығуы бұрынғы кесте бойынша жалғасып жатыр.

Билік өкілдері шектеулердің уақытша екенін және жағдайға қарай кешке дейін қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сицилияның шығыс жағалауында, Мессина мен Катания қалаларына жақын орналасқан Этна жанартауы маусым айының соңынан бері қайтадан белсенділік танытып келеді.

Италиялық мамандардың мәліметінше, 5 шілде күні таңертең жанартау шамамен 1,5 шақырым биіктікке күл бағанын шығарған.

Қазіргі уақытта билік жағдайды жіті бақылап, жанартау атқылауының өңірдегі әуе қатынасына ықтимал әсерін бағалап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Әзербайжандық 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келген

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келген, оның 380 мыңнан астамы шетелдік. 2026 жылдың бірінші…

Франциядағы Lalique шыны музейі тоналды, шығын 4 миллион еуро

Францияның солтүстік-шығысындағы Lalique шыны музейіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қаскөйлер бірнеше миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды…