Categories Жайық news

Алматы әуежайында рейстер кешеуілдеп жатыр: Air Astana түсініктеме берді

Алматы халықаралық әуежайында бірнеше рейстің кешігуі байқалуда. Ресми мәліметке сүйенсек, ең көп әсер Air Astana компаниясының рейстеріне тиіп отыр.

Бірқатар халықаралық және ішкі бағыттар — Дели, Мумбай, Сеул, Бангкок, Чуаньчжоу, Ақтау, Атырау, Үрімші, Шымкент және Фукуок рейстері уақытынан ауытқыған.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, Қытай, Үндістан, Иран және Гонконгтан ұшатын әуе компанияларының да рейстері кешігіп жатыр.

Ұшақтар неге кешігіп жатыр?

Air Astana өкілдерінің айтуынша, 3-нен 4 қаңтарға қараған түні Алматыда көктайғақ туман болып, көріну деңгейі 150 метрден кем болған. Бұл жағдай Airbus A320 үлгісіндегі ұшақтардың ұшуына шектеу қоюға мәжбүр еткен.

4 қаңтар таңғы уақытта Астана әуежайындағы ауа райы да кестеге кері әсерін тигізген.

Компания рейстерді қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын, тіпті FlyArystan компаниясының резервтік ұшағын да іске қосқанын хабарлады.

Жолаушыларға маңызды кеңес

Жолаушыларға рейске шықпай тұрып, әуе компаниясының ресми сайтынан ұшуының мәртебесін тексеріп отыру ұсынылады.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…