Categories Қоғам

Балабақшаға орын: 31 тамызға дейін не істеу керек?

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда 2025-2026 оқу жылына топтарды жинақтау қалай жүргізілетінін хабарлады, — деп жазады Tengrinews.kz.

Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.

Ваучерлер қашаннан бастап бөлінеді?

Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, 1 шілдеден бастап жүзеге асады.

Бұл Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларына, сондай-ақ Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты.

Қалған өңірлерде жас ерекшеліктері бойынша топтар жинақтау 1 тамыздан басталады.

Ваучер алу үшін не істеу керек?

Ваучер алу үшін қажет:

  • Келісімді 2 жұмыс күні ішінде растау керек.
  • Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.
  • Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.
  • Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады.
  • Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы «күту парағына» қоя алады.
  • Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.

«Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға 2 күн беріледі. Егер жолдама расталса, 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.

Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі».

Ұқсас жазбалар

Астана мектептерінде «Ерлік сабағы»: ардагерлер оқушылармен кездесті

Астана мектептерінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай «Ерлік сабағы» өтті. Оқушылар…

Оралдағы мектепте оқушылар өз стартаптарын іске қосты

Оралдағы Келешек мектебінде оқушылар өз стартаптарын іске қосты. Жоба білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастырып, бәсекеге…

Мектеп бітірушілер мен 9-сынып оқушылары емтиханды қашан тапсырады?

Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан 25 мамырда аяқталады. 11-сынып түлектері мен 9-сынып оқушыларына арналған емтихан кестесі…