Электросамокаттарға тіркеу нөмірі беріледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Енді әрбір жалға берілетін электросамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пайдаланушылар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талабы енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кикшеринг қызметін көрсететін компаниялар электросамокаттардың техникалық жағдайын бақылауға, арнайы аймақтарда олардың жылдамдығын автоматты түрде шектеуге, тұраққа дұрыс қойылуын қадағалауға және қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына беруге міндетті.

Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады. Егер пайдаланушыда жүргізуші куәлігі болмаса, сервис оған жолдың жүріс бөлігіне шығуға рұқсат бермейді.

Сондай-ақ 2026 жылдың 25 тамызынан бастап электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады. Жолдың жүріс бөлігіне тек 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі және шлемі бар азаматтарға ғана шығуға рұқсат етіледі.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…