Алтын Орданың сырлы құжаттары алғаш рет Астанада көрмеге қойылды

Астанада өткен халықаралық ғылыми симпозиум аясында Алтын Ордаға қатысты мұрағаттық құжаттар алғаш рет жұртшылыққа ұсынылды. «Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет» атты шараға әлемнің 10 елінен 50-ден астам ғалым қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге қойылған құжаттар арасында Түркия, Иран, Ресей және Қытай мұрағаттарынан алынған сирек жәдігерлер бар. Олар Алтын Орданың дипломатиялық байланыстары мен сауда жолдары туралы бұрын белгісіз болған мәліметтерді ашады.

«Бұл құжаттар Алтын Орданың тек әскери күш қана емес, сонымен бірге дамыған мемлекеттік аппараты мен мәдениеті болғанын көрсетеді. Оларды зерттеу Қазақстан тарихының көптеген ақтаңдақтарын жоюға мүмкіндік береді», – деді симпозиум ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Қарин.

Ғалымдардың айтуынша, Алтын Орданың мұрасын зерттеу – Қазақстанның тарихи санасын нығайтудағы маңызды қадам. Келесі кезеңде осы құжаттардың цифрлық көшірмелерін жасап, кеңінен тарату жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді: қозғалыс уақытша шектеледі

21 маусымда Астанада ведомствоаралық кешенді арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтеді. Оның мақсаты – күзетілетін нысандардың қауіпсіздігін…

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі

«Қазгидромет» мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілде еліміздің көптеген…

Балқаштағы фестивальде полицейлер көл ортасында қалған адамды құтқарды

Балқаштағы фестиваль кезінде полицейлер көл ортасында қалған адамды құтқарып, 16 адасқан баланы тауып берді.