Categories Спорт

ФИФА футболшылардың құқығын күшейтетін жаңа ережелерді бекітті

Сурет: Getty Images

ФИФА футболшылардың мәртебесі мен трансферлеріне қатысты регламентке өзгерістер енгізуді мақұлдады. Жаңа ережелер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және әлемдік футбол үшін революциялық өзгеріс болмақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Diario As басылымының мәліметінше, енді әрбір футболшының келісімшартында міндетті түрде өтемақы (клаусула) туралы тармақ болуы тиіс. Егер көрсетілген сома төленсе, қолданыстағы келісімшарт өз күшін жояды. Мұндай жүйе Испанияда қолданылады, бірақ басқа елдер оны енгізуге асықпаған.

Бұл қадам футболшылардың клубтар арасындағы ауысуын жеңілдетеді. Жылдық жалақысы 150 мың еуроға дейінгі ойыншылар клаусула сомасының немесе трансфер құнының 5 пайызы көлемінде өтемақы алуға құқылы болады. Егер трансфер сомасы клаусуладан өзгеше болса, өтемақы трансфер құны негізінде есептеледі.

Футболшылар бұл төлемнен ішінара бас тарта алады, бірақ өтемақы көлемі келісімшарттың соңғы жылындағы жалақы мөлшерінен немесе трансфер сомасының 2,5 пайызынан төмен болмауы тиіс.

ФИФА келісілген шешімдерді тек олардың заңнамалық нормаларға қайшы келетінін немесе шамадан тыс шығындарға алып келетінін дәлелдеген жағдайда ғана іске асырудан бас тарта алады.

Ұқсас жазбалар

Роналду мен Модрич: Португалия мен Хорватия аңыздары кездеседі

2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні Португалия құрамасы Хорватия командасымен әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде кездеседі.

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.