Categories Жайық news

Рингтен тыс жұдырық жұмсамаймын: Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға нүкте қойды

Белгілі боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасарына күш көрсетті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшы әлеуметтік желіде тараған жағдайға қатысты арнайы мәлімдеме жасап, мемлекеттік қызметкер ретінде этиканы қатаң сақтайтынын жеткізді.

«Әлеуметтік желіде және БАҚ-та тараған жағдайға қатысты айтарым: мен – мемлекеттік қызметшімін және өз міндетімді атқару кезінде мемлекеттік қызметші этикасын сақтаймын. Бапкерлерім мені бала кезден рингтен тыс жерде күш қолданбауға тәрбиелеген. Мен өз күшімді жақсы білемін және барлық іс-әрекетіме жауапты екенімді түсінемін. Сондықтан ешқандай арандатуға бой алдырмаймын. Бұл мәселе толық шешілді, осымен жабық деп есептеймін», — деді ол.

Бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы оқиға 21 қаңтарда болғаны хабарланған еді. Алайда екі тарап арасындағы кикілжіңнің себебі әзірге белгісіз.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…