Categories Көңіл ашар

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады. Байқау қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады, делінген хабарламада.

Жеңімпаздарды белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Қорытынды шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалардың авторлары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Республикалық байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздарға мынадай сыйақылар белгіленген:

Байқау жұмыстары 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында қабылданады. Құжат Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мекенжайы бойынша өткізілуі қажет. Байқауға қатысу шарттары туралы қосымша ақпаратты +7 (7172) 74 04 07 және +7 (7172) 74 04 08 телефон нөмірлері арқылы алуға болады, делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінде салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалып, Қазақстан рекордтар…

Әлем кубогының финалында қазақстандық боксшылар кіммен жұдырықтасады?

Ертең, 21 маусымда Қытайда бокстан Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды.

Михаил Шайдоров желтоқсанда алғашқы мұз шоуын өткізеді

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров желтоқсанда алғашқы мұз шоуын өткізеді. Бұл жоба спорттық мансабы аяқталғаннан кейін…