Categories Жайық news

Қазақстандағы экспаттар: Миллиондаған жалақы алып, жергілікті халықты қорлайды

Burger King желісіндегі дау Қазақстандағы еңбек нарығының өзекті мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Бұл тек бір компанияға ғана қатысты жағдай емес, оның артында шетелдік мамандарды басшылық қызметке тағайындауға қатысты жүйелі проблема жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басқа елдерде жұмысқа орналасу үшін біліктілігің мен құзыреттілігіңді сан мәрте дәлелдеу керек болса, бізде шетелдік маман болудың өзі үлкен мәртебе саналады. Оларға миллиондаған жалақы төленіп, баспана жалдап беріледі және басқа да түрлі артықшылықтар ұсынылады.

Есесіне кейбір шетелдік басшылар жергілікті халықты «ешек» деп атап, қарамағындағы қызметкерлерді еш себепсіз жұмыстан шығаруға дейін барады. Бұл – мүлдем жол беруге болмайтын жағдай.

Burger King оқиғасы – мұндай жағдайлардың алғашқысы да, соңғысы да емес. Егер Еңбек министрлігі бұл мәселені байыппен қолға алмаса, жергілікті азаматтар заңсыз жұмыстан босату фактілері туралы әлеуметтік желіде шағымдануын тоқтатпайды.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.