Categories Жайық news

Трамп Иранға ультиматум қойды: «Келесі шабуыл бұдан да жаман болады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға тағы да ескерту жасап, ядролық келісімге келуді талап етті. Ол келіссөзден бас тартқан жағдайда келесі шабуылдың ауқымы әлдеқайда үлкен болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ-тың ірі әскери кемелер армадасы Иран жағалауына бет алған.

«Иран тез арада келіссөздер үстеліне отырып, ядролық қарусыз, барлық тарапқа тиімді, әділ әрі тең құқылы келісім жасайды деп үміттенемін. Уақыт тығыз, бұл өте маңызды мәселе… Келесі шабуыл бұдан да жаман болады!»

АҚШ президенті кемелер тобын USS Abraham Lincoln авиатасымалдаушысы бастап келе жатқанын және қажет болған жағдайда оның күш қолдануға дайын екенін атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…