Categories Жайық news

Арктикадағы текетірес: Дания Гренландияға одақтастарымен бірге әскер кіргізеді

Дания Арктикадағы геосаяси шиеленіске байланысты Гренландиядағы әскери күшін арттыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дания үкіметінің хабарламасында бұл қадам «одақтастармен тығыз ынтымақтастықта» жасалатыны және «геосаяси шиеленістің Арктикаға да жеткені» атап өтілген.

Бұл мәлімдеме Ақ үйде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубионың Дания және Гренландия сыртқы істер министрлерімен кездесуінен кейін бірден жарияланды. Кездесу барысында әлемдегі ең ірі аралдың болашағы талқыланған.

Осыған орай сәрсенбі күні Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Данияның өтініші бойынша швед әскері Гренландияға аттанғанын растады.

Стокгольмнің қанша сарбаз жібергені және олардың нақты міндеті әзірге белгісіз. Алайда Кристерссон олардың одақтас елдер тобының құрамына кіретінін жеткізді.

«Олар Данияның «Operation Arctic Endurance» жаттығуы аясында алдағы іс-шараларға бірге дайындалады», — делінген швед басшысының мәлімдемесінде.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…