Жолдың жыры – еңбектің дауысы: БҚО-да көлік және автожол саласының үздіктері марапатталды

сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігі мен автожол саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді. Мерейлі жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жол саласының ардагерлері мен еңбек үздіктерін құттықтап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

– Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшылар жылы» деп жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін мойындаудың айқын көрінісі. Ал көлік және жол саласының мамандары – осы еңбектің алдыңғы шебінде, – деді өңір басшысы.

Соңғы жылдары өңірде жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымы айтарлықтай дамып келеді. Тек 2023–2024 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1000 шақырымнан астам жол жөнделді.

Биылдың өзінде жоспарланған 485 шақырым жолдың 379 шақырымы толық жөнделіп, өңірдің басты бағыттарында — «Чапай–Жаңғала–Сайхын», «Орал–Федоров–Ресей шекарасы» және «Орал–Тасқала» жолдарында құрылыс қарқыны бәсеңдемей тұр. Сондай-ақ «Хан Ордасы» музей-қорығына апаратын жол да жаңартылып жатыр.

Мерекелік шарада сала ардагерлері мен үздік мамандарға облыс әкімінің алғыс хаттары мен марапаттары табыс етілді.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Ауа райы: 15 қазанда Қазақстанда жел мен тұман күшейеді

Синоптиктер 15 қазанда Қазақстан бойынша жел мен тұман күшейетінін ескертеді. Ең қолайсыз аймақтар – Батыс…

Аптап ыстық келе жатыр: 28–30 сәуірдегі ауа райы болжамы

Қазақстанда 28-30 сәуір аралығында ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күндер күтіледі.

Тоқаев пен Израиль президенті Ақордада кездесті: әке жолын жалғаған сапар

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогты қабылдады. Герцог әкесінің 1993 жылғы сапарын жалғастырып, Ақордада кездесу…