Categories Әлем

Көлсай жағасына үш көлікті өткізген инспекторға сөгіс жарияланды

Сурет: видеодан алынған кадр

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Парк әкімшілігінің мәліметінше, аумақтағы тәртіптің сақталуын тексеру барысында көл жағасына үш автокөліктің түскені анықталған. Тексеру кезінде инспектордан жазбаша түсініктеме алынып, ол көліктердің жағалауға өткенін растаған.

Инспектордың айтуынша, көліктерде қарт адамдар, әйелдер мен балалар болған. Сонымен қатар қайықтарға жеткізілуі тиіс азық-түлік пен көлемді жүктер тасымалданған.

Алайда арнайы тексеру жұмыстары бұл көліктердің қозғалысқа мүлдем рұқсат берілмейтін ерекше локацияға дейін барғанын нақтылады. Осыған байланысты мемлекеттік инспекторға қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.

Ұлттық парк әкімшілігі табиғи аумақтардағы белгіленген тәртіп пен экологиялық талаптардың қатаң сақталуы бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…