Тоқаев пен Руто арасындағы кездесу: Қазақстан мен Кения бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Қазақстан мен Кения арасындағы ресми кездесу қорытындысы бойынша екі елдің президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл құжат екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.

«Біз ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындап, нақты келісімдерге қол жеткіздік. Бұл – екі халықтың игілігі үшін маңызды қадам», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәлімдемеде саяси диалогты тереңдету, инвестиция тарту және туризмді дамыту мәселелері ерекше аталды. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау көрсету жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…