Categories Жайық news

Бір келі қияр – 2300 теңге: Вице-министрдің өзі қымбатшылықпен бетпе-бет келді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жақында үйінің жанындағы дүкеннен бір келі қиярды 2300 теңгеге сатып алғанын мойындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қыста көкөніс бағасының шарықтауына жылыжайлардың жарық пен жылуға кететін шығындары және делдалдардың қосатын үстеме бағасы себеп болады», – деп түсіндірді Сұлтанов.

Министрлік бағаны тұрақтандыру үшін бірнеше шараны қолға алмақ. Біріншіден, ведомство сауда желілерінің өнімді алыпсатарларсыз, тікелей фермерлерден сатып алуы үшін «айналым схемасын» енгізіп жатыр.

Екіншіден, өңірлерді жеңілдікпен қаржыландыруға арналған маусымдық өнімдер тізімі кеңейтілмек.

Сондай-ақ ірі сауда желілеріндегі бағаға мониторинг күшейтіліп, негізсіз үстеме қосқандарға салынатын айыппұл қатаңдатылады. Алайда вице-министр «үй жанындағы дүкендерді» бақылау қиынырақ екенін, сондықтан негізгі назар халық көп баратын ірі сауда орындарына аударылатынын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…