Categories Қаржы

Жылу маусымына дайындық: инфрақұрылымды жаңғыртуға 2,7 трлн теңге бөлінді

Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындық барысы мен инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын таныстырды. 2023-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға 2,7 триллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жылу электр станцияларының 67 пайызы тозған, ал желілердің тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. Осыған байланысты 2024 жылы 17 жылу электр орталығын жаңғырту жоспарланған.

«Біздің басты міндетіміз – халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті қаржы қарастырылған», – деді Сұңғат Есімханов.

Сондай-ақ, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 триллион теңге бөлініп, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңарту көзделген. Жобалардың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі кеңінен қолданылады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Өңірлердегі әкімдіктерге дайындықты жеделдету тапсырылды.

Ұқсас жазбалар

Туризм және спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваға 100 млн теңге бөлді

Туризм және спорт министрлігі биыл Бибісара Асаубаеваға 100 миллион теңге бөлген.

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар мен инвестициялар

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің өсу себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінің көтерілу себебін түсіндірді.