Categories Көңіл ашар

Шыңғыс хан туралы ғаламдық еңбек қазақша сөйледі: таныстырылым өтті

Астанада түркі әлемінің тарихы мен Ұлы дала өркениетіне арналған кітаптардың таныстырылымы өтті. Жиында әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылғаны жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара «Алтын Орда – дала көшпелі өркениетінің үлгісі: тарих, білім, өнер» атты кітап көрмесімен ұштасты. Шараға белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Бұл еңбек – түркі халықтарының ортақ мұрасы. Енді қазақ оқырманы Шыңғыс ханның өмірі мен империясы туралы ақпаратты ана тілінде оқи алады», – деді аудармашылардың бірі.

Қазақ тіліндегі нұсқаны дайындауға бірнеше маман тартылған. Кітаптың тұсаукесері елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті.

Ұқсас жазбалар

«Қала хикаялары» әдеби байқауы жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қоры мол «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жариялады.

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді. Басты қонақ –…

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.