Президент Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызды екенін айтып, ұйыммен нәтижелі ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз», деді Президент.

Кездесуде Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Қазақстан бастамалары талқыланды. Олар әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдауды қамтиды.

Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.

Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысып, Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдағанын жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылық танытатыны атап өтілді.

Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында 64 жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді.…