Categories Жайық news

Жаңа Конституция : Тоқаевтың реформасы билік құрылымын түбегейлі өзгертпек

Қазақстанда Эльвира Әзімованың төрағалығымен құрылған Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, ұсынылып жатқан өзгерістердің ауқымына қарасақ, бұл жаңа Конституцияны қабылдаумен пара-пар болмақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Реформа идеясын алғаш рет Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі жолдауында айтып, партиялық тізіммен сайланатын бір палаталы парламент құруды ұсынған еді. Осыған байланысты 8 қазанда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жетекшілігімен парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Топ алты отырыс өткізсе, оның екеуіне Президенттің өзі қатысты.

20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Тоқаев жаңа парламенттің (145 орындық Құрылтай) жобасын таныстырып, вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың орнына келетін Халық кеңесін құру туралы жаңа бастамаларды жариялады.

Ал 21 қаңтарда Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова басшылық ететін конституциялық реформа жөніндегі комиссия жасақталды. 24 қаңтарда Астанада өткен комиссияның алғашқы жиынында мәселенің тек парламент, вице-президент және Халық кеңесімен шектелмейтіні белгілі болды. Сөз алған сарапшылар Президенттің Қызылордадағы бастамаларын кеңейтіп, Ата заңның кіріспесін, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайту, азаматтардың құқықтары мен отбасылық құндылықтарды қорғау мәселелерін де қозғады.

Саясаттанушының айтуынша, енді Президенттің бұл реформаны неліктен жаңа конституция қабылдаумен салыстырғаны түсінікті бола бастады. Ұсынылып отырған өзгерістердің көлемі сонша, қазіргі заңға түзетулер енгізгеннен гөрі, жаңа конституцияның жобасын ұсынған оңайырақ.

Бұл өзгерістер билік құрылымын да айтарлықтай жаңартады. Президенттің қолында партиялық парламентті теңгеретін жаңа консультативтік-кеңесші орган (Халық кеңесі) пайда болады. Ал вице-prezident мұрагер емес, Президенттің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Бұл бүкіл билік жүйесін өзгертіп, елдің конституциялық негіздерін жаңғыртады.

Комиссия отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де бұл өзгерістердің тарихи маңызына тоқталды.

«Қазақстан ауқымды өзгерістер мен түбегейлі бетбұрыстың табалдырығында тұр, ал ел халқы ұлттық тарихтың жаңа кезеңіне қадам басып отыр», – деді ол.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.