Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сурет: African Comical

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк көлігі ең жақын елді мекен мен су көзінен ондаған шақырым жерде бұзылып қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай болған аймақ билігінің мәлімдеуінше, бұл адамдар Мали елінен мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт (Ид аль-Адха) мерекесінен қайтып келе жатқан. Жолаушылар Тельхандек тұрағынан шыққан, алайда Нигердің Агадез провинциясы губернаторының айтуынша, олар жолдан адасып, Нигер мен Алжир шекарасындағы Ассамака оазисінен 80 шақырым жерде тұрып қалған. Бұл аймақта ондаған шақырым бойы ешқандай елді мекен жоқ.

Жүргізуші мен жолаушылар жүк көлігін өз күштерімен жөндеуге тырысқанымен, одан ештеңе шықпаған. Жергілікті билік бұл қайғылы жағдай туралы Ассамака оазисіне жаяу жеткен екі адамның арқасында білген.

«Сусыз қалған және көлікті жөндей алмаған адамдар тірі қала алмады. Қозғалыссыз тұрған жүк көлігінің астынан және оның айналасынан ондаған мәйіт табылды», делінген губернатордың ресми мәлімдемесінде.

Құтқарушылар қаза тапқандарды ортақ қабірге жерледі. Қайтыс болғандардың барлығы – Нигер азаматтары.

«Жергілікті билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар бұған дейін де жүргізушілер мен саяхатшыларға шөлді кесіп өтудің қауіп-қатерлерін жылдап түсіндіріп келе жатқанын айтады. Мұндай қайғылы оқиғалар әсіресе Ливия немесе Алжирге апаратын жолдарда жиі кездеседі», дейді жергілікті қоғамдық ұйым жетекшісі Шехуо Азизу.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ,…

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ляонин…

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады.