Categories Әлем

ӘЧ-2026: Иран құрамасы АҚШ-та ойнап, Мексикада тұратын болды

Сурет: Getty images

Иран құрамасына әлем чемпионаты-2026 кезінде ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға тыйым салынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Иран құрамасы мундиальға қатысу құқығын алғанымен, турнир алдындағы дайындық команда үшін қиындықпен басталды. Қазіргі таңда Иран құрамасы Мексиканың Тихуана қаласына орналасқан. Команда әлем чемпионаты кезінде дәл осы жерде базасын құрмақ.

Алайда делегация мүшелерінің бір бөлігі АҚШ визасын әлі ала алмады. Ирандық БАҚ мәліметінше, АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмегендердің қатарында Иран футбол федерациясының президенті мен оның орынбасары да бар. Жалпы саны 15 адам.

Футболшылардың өздері виза алғанымен, федерация қазір ФИФА арқылы қалған делегация мүшелерін әлем біріншілігі өтетін елге кіргізуге тырысып жатыр.

Мексикадағы Иран елшісінің айтуынша, команда АҚШ-қа тек матч өтетін күні ғана ұшып бара алады. Ойын аяқталған соң ирандық футболшылар бірден Мексикаға қайта оралуы тиіс. АҚШ аумағында түнеуге рұқсат берілмейді. Америка тарапы мұндай шектеулерді қауіпсіздік талаптарымен түсіндіріп отыр.

Айта кетейік, Иран құрамасы топтық кезеңдегі барлық ойындарын АҚШ-та өткізеді. Команда Лос-Анджелесте Жаңа Зеландия және Бельгиямен кездессе, Сиэтлде Мысырға қарсы ойнайды.

Еске салайық, әлем чемпионаты-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне 48 құрама қатысады.

Ұқсас жазбалар

Ресей билігі жанармай бағасы туралы деректерді жариялауды тоқтатты

Ресей үкіметінің статистика қызметі автокөлік жанармайының тұтынушылық бағасына қатысты мәліметтерді ресми есептерден алып тастау туралы…

Монакодағы жарылыс теракт емес, кәсіпкерге қастандық ретінде тергелуде

Монако прокуратурасы 29 маусым күні кешке Франциямен шекараға жақын маңда болған жарылысты кісі өлтіруге оқталу…

Байқоңырда «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексерді

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексеріп, ұшырылым алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастады.