Categories Шартарап

Мексикалық футболшылар өз алаңында есе жіберген жоқ

Сурет: Казспорт

Әлем чемпионатының алғашқы ойыны Мехикодағы Estadio Azteca стадионында өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Мексика сапынан Хулиан Киньонес пен Хименес гол соқты.

Оңтүстік африкалық ойыншылар қажетсіз ереже бұзып, екі футболшысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Кездесудің 92-минутында Мексика құрамасының бір ойыншысы екінші ескертуін алып, ойыннан тыс қалды. Алайда бұл алаң иелерінің нәтижесіне әсер етпеді. Толық құрамда қарсылық көрсете алмаған ОАР командасы тоғыз ойыншымен Мексикаға ештеңе істей алмады.

Осылайша А тобында Мексика құрамасы алғашқы үш ұпайды иеленіп, көшбасшыға айналды. Енді осы топтағы Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары өзара бақ сынайды. Бұл ойын Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Турнир 20 шілдеге дейін жалғасады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…