Categories Әлем

Байқоңырда «Союз МС-29» экипажы скафандрларын тексерді

Сурет: Роскосмос

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-29» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы ұшырылым алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастады. Кемені ұшыру 14 шілдеге жоспарланған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Роскосмос» ғарышкерлері мен NASA астронавтары скафандрларын киіп, олардың герметикалығын тексерді. Сондай-ақ экипаж ғарыш кемесінің жабдықтарын қарап, кабинадағы іс-қимыл алгоритмдерін сынады.

Бұдан бөлек, экипаж мүшелері ұшу бағдарламасын, борттық құжаттаманы және орбитаға жеткізілетін жүктердің орналасу сызбасын зерделеді. Бұл шаралар «Союз МС-29» кемесін Халықаралық ғарыш стансасына ұшыру алдындағы қорытынды дайындық бағдарламасы аясында өткізілуде.

Бұған дейін Байқоңырға «Союз МС-29» кемесінің негізгі және қосалқы экипаждары келген болатын.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…