БҚО-да Құрбан шалуға арналған орындар белгіленді

Батыс Қазақстан облысында биылғы Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалуға арналған арнайы орындар анықталды. Бұл туралы ӨКҚ ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев хабарлады. Сондай-ақ баспасөз мәслихатына облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исан қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілінің мәліметінше, Құрбан айт мейрамы биыл 6 маусым күні басталып, үш күнге созылады. Қасиетті мейрамға орай өңірде дайындық жұмыстары жүргізіліп, құрбандық шалуға санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай келетін үш арнайы орын белгіленді:
• “Ел-ырысы” базары (Орал қаласы)
• “Кублей” мал сою орны (Орал қаласы маңы)
• “Батыс Адал-Ет” сою кешені (Зашаған кенті)
Шалғайдағы немесе іссапардағы азаматтарға қолайлы болу үшін QURBAN2025.kz ресми сайты арқылы онлайн құрбан шалуға мүмкіндік жасалған.
Мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық мешітте жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, жедел жәрдем және ішкі саясат қызметтері кезекшілік атқарады. Сонымен қатар мал сою орындарында санитарлық тазалық, өрт қауіпсіздігі және құрбандық шалу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
ӨКҚ-ақпарат

Ұқсас жазбалар

Израиль мен Ливаннан қазақтарды эвакуациялауға 4 млн доллар кетті

Қазақстан Таяу Шығыстағы отандастарын эвакуациялауға 4 миллион доллар жұмсады. Бұл туралы ТЖМ министрі Нұрлан Сауранбаев…

Қонаевта ММА бапкері жасөспірім қыздарды жыныстық қудалаған: төрт құрбан үндеу тастады

Қонаевта кәмелетке толмаған спортшы қыздар ММА жаттықтырушысын жыныстық қудалау үшін жауапқа тартуды талап етіп, бейнеүндеу…

ШҚО-да екі әуежайдың құрылысы биыл аяқталады: Зайсан мен Катонқарағайда

Шығыс Қазақстан облысында Зайсан және Катонқарағай аудандарында екі жаңа әуежайдың құрылысы биыл аяқталады.