Categories Саясат

Мерзімді әскери қызметтен өтпегендер әскери мамандық алып, билет ала алады

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан азаматтары Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінде оқып, әскери-есептік мамандық алып, әскери билет иеленуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаға 24-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар, сондай-ақ әскери қызметке жарамды немесе денсаулығына байланысты болмашы шектеулері бар әскери міндеттілер қабылданады. Өтініш eGov.kz порталы арқылы беріледі.

Әскери-техникалық мектептерде азаматтар логистика, автокөлік және сауытты техниканы жөндеу, автоэлектрик, аккумуляторшы, газ және электр дәнекерлеуші, аспаз, наубайшы сияқты сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Пилоттық режимде ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау да жүргізілуде, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

2026 жылы бір мамандық бойынша оқу құны 545 мың теңгені құрайды, ал оқу мерзімі 40-46 күн. Тыңдаушылар әскери киіммен, жатын орынмен және күніне үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі, жұмыс орны мен лауазымы сақталады. Оқуды аяқтағандар әскери ант қабылдап, сертификат пен әскери билет алады, оларға «қатардағы жауынгер» атағы беріледі. Бұл азаматтар әскери даярланған резерв құрамына енгізіліп, мерзімді әскери қызметке шақырылмайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аятолла Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасуға арналған…

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

Қоғамдық келісімді нығайту және конституциялық реформаларды ілгерілету бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында үкіметтік емес…

Ермек Көшербаев Иран көшбасшысымен қоштасу рәсіміне қатысты

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеймен қоштасу рәсіміне қатысты.