Categories Қаржы

Шекара маңында жанар-жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елімізден жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алу үшін шекара маңындағы аймақтарда патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл бекеттерде жол талғамайтын көліктер арқылы жүзеге асырылатын заңсыз тасымалдау деректерін анықтауға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, көлемі ұлғайтылған жанармай бактарымен жабдықталған көліктердің басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген.

«Мысалы, Қордай ауданында конструкциясы заңсыз өзгертілген автобус анықталды. Тексеру барысында ішінде әрқайсысының сыйымдылығы 600 литр болатын жасырын қосымша бактар табылды», деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Соңғы екі айдың ішінде полицейлер шамамен 17 тонна жанар-жағармайдың елден заңсыз шығарылуына тосқауыл қойған. Сондай-ақ қайта жабдықталған жанармай бактары орнатылған 87 автокөлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен айналысатын техникалық қызмет көрсету станцияларын анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға дәрі-дәрмек сатып алуды мерзімінен бұрын бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып…

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда басты назар құжаттарды өз бетінше…

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…