Сурет: Egemen Qazaqstan
Теміртау қаласының 6-шағынауданында бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында қоқыс пен кіреберістегі екі есік блогы өртенді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері құтқару қалпақтарының көмегімен 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды. Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда.
Өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу 112 нөміріне хабарлау, мүмкіндігінше қауіпті аймақтан шығу және құтқарушылардың нұсқауларын қатаң сақтау қажет.

