Categories Жайық news

Клиника басшысынан 1 млн теңге бопсалаған: Түркістандық блогердің үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында медициналық клиника басшысынан 1 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінген 32 жастағы блогер әйел ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін «қоғам белсендісімін» деп таныстырып, Келес ауданындағы медициналық мекеменің басшысын бопсалаған. Ол әлеуметтік желіде беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жарияламау үшін 1 миллион теңге талап еткені анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, айғақты заттар тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…