Categories Қаржы

Энергетика министрі Ресейге 50 мың тонна бензин жіберу мәселесіне жауап берді

Сурет: pixabay

Әлеуметтік желілерде Ресейде жанармай тапшылығы болса, Қазақстаннан 50 мың тоннаға жуық бензин импортталуы мүмкін деген ақпарат тарады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Ресейден бұл мәселе бойынша ешқандай ресми сұраныс түспеген. Сонымен қатар ол Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің азаю себебін түсіндірді. Оның сөзінше, Қарашығанақта өндіріс көлемі 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартылған.

«Кен орнында газ өндіру көлемі 9 мың тоннаға қысқарды. Соған сәйкес қазіргі уақытта газ қабылдау көлемі де азайды. Дегенмен бұл ел экономикасына кері әсер еткен жоқ. Бүгінде біз газ жеткізу бойынша барлық міндеттемелерімізді толық көлемде орындап отырмыз», деді министр.

Ұқсас жазбалар

2-5 пайыздық ипотеканы қалай алу керек?

«Отбасы банк» жылдық 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдауды…

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға…

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға өсті

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға артып, 4 894-ке жетті. Ең көп кооператив…