Categories Жайық news

«ИНДЕРБОР – ОРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ ЖОБАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

«Индербор – Орал» теміржол желісінің құрылысы перспективалы жобалар тізіміне енді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша жаңа желі Батыс Қазақстанның дамуына қуатты серпін береді. Теміржол саласы мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралған жиынға облыс әкімі селекторлық режимде қатысты.

Қазіргі таңда Орал қаласы арқылы 1 халықаралық және 3 облысаралық бағыт бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, шалғай елді мекендердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2 облысішілік маршрут ұйымдастырылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігі қызметін 419 мың жолаушы пайдаланған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Жүк тасымалының көлемі де айтарлықтай артып, 5 млн тоннадан асты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2025 жылы облыстағы 4 теміржол вокзалын қайта жаңғырту басталды. Жобалардың тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Бүгінгі таңда барлық нысанда құрылыс жұмыстары аяқтала келді.

Үкімет отырысынан соң облыс әкімі жауапты орган басшыларына бұл бағытта нақты міндеттер жүктеді. Нариман Төреғалиев теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде қабылданып жатқан кешенді шаралар көлік қолжетімділігін арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға, іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…