Балқашта жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының жұмыс бастау рәсіміне қатысты. Тікұшақ тәулік бойы кезекшілікте адамдарды іздеу және құтқару, санитариялық авиация, әуе мониторингі және төтенше жағдайларға ден қою міндеттерін атқарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Авиациялық-құтқару жасақтарын құру және мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында AIR-112 жасағының командирі Абай Қоржынбайға қызметтік пәтер кілті табысталды.

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Тікұшақты орналастыру үшін экипаж бен әуе кемесінің тәулік бойы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін жаңартылған авиациялық база дайындалды. Балқашта авиациялық жасақтың құрылуы ТЖМ-нің AIR-112 авиациялық қызметін дамыту және ел бойынша авиациялық-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту жұмысының бір бөлігі болды.

Ұқсас жазбалар

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан…