Categories Жайық news

Қолайсыз ауа райы: Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді

Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты халықаралық әуежайда бірнеше рейс уақытынан кешігіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, қаладағы метеожағдайдың нашарлауы ұшақтардың ұшып-қонуына кедергі келтірген. Осыған байланысты ұшып кететін бірқатар рейс белгіленген уақытынан кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар күту уақытын қысқарту үшін барлық шараны қолдануда, алайда басты басымдық жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігіне берілген.

Әуежай басшылығы жолаушыларға жолға шықпас бұрын әуе компаниясымен хабарласып немесе alaport.com ресми сайтындағы онлайн-табло арқылы өз рейсінің мәртебесін нақтылап алуға кеңес береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…