Categories Әлем

Германияда орман өртеніп, соғыстан қалған оқ-дәрілер жарылып жатыр

Сурет: ТАСС / dpa /picture-alliance

Германияның Рейнланд-Пфальц федералдық жерінде орман өрті шықты. Трайзен қауымдастығының 650-ден астам тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сенбі күні түстен кейін Трайзен маңындағы тік беткейде басталды. Алдымен құтқарушылар өрт ошағына жақын ғимараттардың тұрғындарын көшірді. Түнгі сағат 02:00-ге қарай эвакуация өрттен бір шақырым радиустағы барлық ғимараттарды қамтыды. Жексенбі күнге қарай жалын шамамен 2,7 гектар аумақты шарпыды. Эвакуацияланған тұрғындар көрші қауымдастықтың спорт залына орналастырылды.

Оқиға орнында жарылыстар болды, себебі бұл аумақ бұрын оқ-дәрілерді жою үшін пайдаланылған. Соғыс кезінен қалған миналардың болуына байланысты өрт сөндірушілер қауіпті аймаққа кіре алмай, қашықтан өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылар өрттің таралуын тоқтату үшін қорғаныс жолақтарын жасап, су атқыш қондырғыларды қолданып жатыр. Аптап ыстық, құрғақшылық пен желді ауа райы жағдайды одан әрі қиындатып отыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…