Тоқаев Парламенттің атауын өзгертуді ұсынды: Енді ол «Құрылтай» деп аталуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын бірпалаталы Парламентке «Құрылтай» деген тарихи атау беруді ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл қадам тарихи сабақтастықты білдіретінін және ұлттық болмысқа сай келетінін атап өтті. Бұл ұсыныс саяси реформалар аясында айтылды.

«Жаңа бірпалаталы Парламентке «Құрылтай» атауын беруді ұсынамын», – деді Президент өз сөзінде.

Жаңа құрылым бойынша Парламенттегі депутаттар саны қазіргі 148-ден 145-ке дейін азайып, 8 комитет жұмыс істеуі мүмкін екені айтылды. Бұл өзгерістер заң шығарушы органның жұмысын оңтайландыру мақсатында қарастырылып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…