Categories Әлем

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жаңа тұрақты рейстерді бастады. Осының арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33-ке дейін өсті.

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Науқас – Конго Демократиялық Республикасындағы гуманитарлық миссиядан оралған…

Даляньдағы диалог: инновацияға негізделген әріптестік

Қытайдың Далянь қаласында өткен «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумында жаһандық экономиканың келешегі, цифрландыру, жасанды интеллект…

Босния және Герцеговина Қатарды жеңді, бірақ плей-оффқа шығу әлі белгісіз

Босния және Герцеговина Қатарды 3:1 есебімен жеңді, бірақ топтық кезеңде үшінші орында қалып, плей-оффқа шығу…