Categories Жайық news

1 наурыздан бастап: Қазақстандықтарды салық пен несиеде үлкен өзгерістер күтеді

1 наурыздан бастап Қазақстанда салық, банк және құқық салаларына қатысты бірнеше маңызды жаңашылдық күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық режимін қолданған кәсіпкерлер 1 наурызға дейін жаңа режим туралы хабарлама бермесе, олар автоматты түрде жалпыға ортақ салық тәртібіне көшіріледі. Ал патентпен немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер тиісті хабарламаны уақытылы жібермесе, тіркеуден шығарылып, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде қызметін жалғастыра алады.

Банк саласында да елеулі өзгерістер бар. Енді барлық коммерциялық банк тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын тарта алады. Сарапшылардың пікірінше, бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруы тиіс. Сонымен қатар клиенттердің құқығын қорғау және тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі.

«Тұтынушылық несие беру талаптары қатаңдатылды: егер клиенттің мерзімі өткен берешегі болса, банк бас тарта алады. Бұл, бірінші кезекте, портфель сапасын жақсартуға және қаражатты кәсіпкерлік мақсаттарға бағыттауға әсер етеді», – дейді R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.

Отбасылық құқыққа қатысты заңнамаға да жаңалықтар енгізілді. Енді мүлік бөлу кезіндегі даулар бойынша үш жылдық талап қою мерзімі ажырасқан күннен емес, мүліктік құқық бұзылған сәттен бастап есептеледі. Сондай-ақ алимент өндіру ережелері де жаңартылды.

«Бұрын, мысалы, шетелде тұратын адамның табысын анықтау өте қиын болатын. Ол мұнда тұрмағандықтан, оған өңірдегі орташа жалақы мөлшері қолданылмайтын. Берешекті қалай есептеу керегі үнемі сұрақ тудыратын. Енді сот ондай азаматтарға қатысты алиментті нақты ақшалай сомада тағайындайды», – деп түсіндірді адвокат Евгений Яворский.

Сонымен қатар 1 наурыздан бастап дәрігерлерге күш көрсеткен немесе қоқан-лоқы жасағандарға жаза қатаңдайды. Қылмыстың ауырлығына байланысты ірі көлемде айыппұлдан бастап, денсаулыққа ауыр зиян келтірсе немесе кісі өліміне әкеп соқса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғаларының жиілеуіне байланысты қабылданды.

«Кейде дәрігерге зиян келтіру ниеті жақын адамынан айырылумен немесе емдеудегі мәселелермен байланысты болады, бірақ бәрі заң аясында шешілуі керек. Дәрігер – құдай емес, ол әрқашан ауруды жеңе алмайды. Осыны түсінген жөн. Сондықтан бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елінде өткір тұр», – деді денсаулық сақтау саласының сарапшысы Вячеслав Локшин.

Ал наурыз айындағы негізгі саяси оқиғалардың бірі – жаңа Конституция бойынша өтетін референдум болмақ. Қазақстандықтар өз таңдауын 15 наурызда жасай алады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…