Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, заң саласының мамандары мен осы бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның маңызына тоқталып, Ата заңның баршаға бірдей қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституцияның даналары өңірлердегі арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…