Categories Қаржы

Астанада LRT жолақысы қымбаттай ма? Әкімдік жауап берді

Астана әкімдігі LRT жолақысын көтеру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Қазіргі тариф – 200 теңге өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, бағаны көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Ол бұл туралы БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру барысында айтты.

«Қазіргі кезде 200 теңге – бекітілген тариф. Оны өзгерту жоспарымызда жоқ», – деді Өтебаев.

Еске сала кетейік, LRT жобасы Астанадағы көлік мәселесін шешу үшін іске қосылған болатын. Жолаушылар тарифтің тұрақтылығын құптап отыр.

Ұқсас жазбалар

Су саласына қызығушылық артып келеді: тәжірибеден өткен студенттер саны өсті

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Қазсушар» филиалдарында 648 студент өндірістік тәжірибеден өтеді, бұл…

Астанадағы нөсерлік кәріз жүйелерін күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге бөлінеді

Астана қаласының нөсерлік кәріз жүйелерін күтіп ұстау, пайдалану және тазалау жұмыстарына 1,7 миллиард теңгеден астам…

Астана мен Алматыдағы шетел валютасының бүгінгі бағамы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы белгілі болды.